Сөз соңы – Табылды Досымов

Бұл бетте «Сөз соңы» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2905
Үтірмен сені бітірдім,
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында үтірдің,
Өлең-өмір тұр бітпеген.

Шабыстан шабыт, талмасаң ,
Көбейер жырдың қатары.
Мәндірек болар әрқашан,
Мәңгілік сана сапары.

Тылсым жыр атты орманда,
Ойлы өлеңдерге шеп құрып.
Асқақ Алатау арманға,
Алқынбай жету – тектілік!

Осылай деуді құп көрдім,
Оқырман, сен қой нүктесін.
Адамдық ғұмыр біткен күн,
Ақындық ғұмыр бітпесін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері