Ленинизм – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Ленинизм» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Лениннің қыран, ұшқыр қиялымын,
Қызыл ерлер шапқан ат тұяғымын,
Октябрь күндерінде, еңбекшілер
Жасады СССР-дей ұяны кең
Оңай ғып көш жолында қиындарды,
Нығайтып Ұлы Отанда ұйымдарды.
Жер түгіл, космосты да тез меңгеріп,
Шолпан мен Айға жұрттан бұрын барды.
Қалдырып кеңістіктің бәрінде ізін,
Көрсетіп қайда барса жарқын жүзін,
«Дүние» аталатын табиғаттың
Бәріне тарап кетті ленинизм.
Әр уақыт амандаса келіп-кетіп,
Жүргенде сый-құрметін, үнемі өтіп,
Өмірің, және елдігін, өсуіне
Жылдан-жыл күшейеді сенім бекіп.

27. II — 1967 жыл. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері