Әр үйде бір-бір ленин – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Әр үйде бір-бір ленин» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2250
Шығын боп жүрген шетінеп,
Кеудесі толы зар-мұңға.
Қазақтың жері — жетімек,
Лениннің жатыр алдында.
Ұрады шалқып от лебі,
Шаңырқап түсте жел ыстық.
Мал оты — қырдың көкпегі,
Жоқ одан басқа өріс түк.
Қан-сөлсіз қатып безеріп,
Шілдеде жанған шөл тамыз.
Жалақ боп ерні кезеріп,
Жалайды тілін сортаң тұз.
Айтады желдер азынап,
Бабаның тарлан аңызын.
Ленин жатыр жазып ап,
Даланың арман арызын.
Қазақтың кезіп қиырын,
Ленин ойы шарқ ұрды.
Қолымен тіреп бүйірін,
Маңдайын ұстап сәл тұрды.
Ленин ойы төкті ақ сел,
Далаға қанат жайды өмір.
Гүл болып толқып бетпақ шөл,
Жұлдыз боп жанды Байқоңыр.
Әр үйде бір-бір Ленин,
Ленинсіз қазақ төрі жоқ.
Ленинсіз қазақ елі жоқ,
Ленинсіз қазақ жері жоқ.
Әр үйде бір-бір Ленин.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр үйде бір-бір ленин өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Әр үйде бір-бір ленин өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әр үйде бір-бір ленин өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әр үйде бір-бір ленин өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері