Алқоңыр – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алқоңыр» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5315
Еркем-ай, дәнекерсің айнадағы,
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.

Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.

Жазайын ақ қағазға тізілдіріп,
Қалқаға сөз сөйлейін сызылдырып.
Отырсын ақ отауда мәслихатпен,
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп.

Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері