Өлең, жыр, ақындар

Алжыған айдаһар

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 367
(Америка империалистеріне)

Ертеде адамзаттық ұшқыр қиял,
Шындықты ертегі қып ойға сияр:
«Бар,— депті,— жерді ораған бір айдаһар,
Денесін түнде созып, күндіз жияр».
Сол сұмырай болып шықты Америка.
Егерде ерік беріп, десең «ұйпа!»
Тіршілік атаулыны түгел жалмап,
Түрі жоқ қоятұғын жерге құйқа.
Демі от, сілекейі ашыған у,
Жетпейтін жеуіне жер, ішуге — су,
Жалмауыз қылықтарын жасырмақ боп,
«Адамсып» жылмаң-жылмаң етеді қу.
Мейрімсіз барып тұрған жыртқыш аңнан,
Советтік жасқанбаса қарулардан,
Ендігі талай елді жұтып қойып,
Талайды қылғыр еді одан әрман.
Сан елге салғанымен қанды құрық,
Советке сүйенді де, бермеді ырық.
Кубадан, Африкадан, Азиядан
Өлердей соққы көрді, дымы құрып.
Сіміре қанды өңешке құятын аң,
Тұмсыққа ұрған шақта Вьетнам,
Сенделіп әрең тірі қалды сұмырай,
Өлер боп, әсіресе, ұятынан.
Аузынан атом, бомба қардай борап,
Жалмаймын дейтін залым жерді орап,
Жұтуға Вьетнамды ұмтылғанда,
Батыр ел тұрып алды қарсы қарап.
Қайрады қылпылдата кеп қанжарын,
Қабам деп ұртын тігіп алды залым.
Қайтпаса бұл қылықтан аз-ақ қалды,
Айырып алар күні бастан жағын.
Тілінбек денесі де одан әрі,
Намысқор батыр елге жетпей әлі,
Алжыған айдаһардай қылжалақтап,
Біле алмай не істеуге отыр кәрі!..

1965



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын қазушыларға

  • 0
  • 0

Емес пе алтын тамаша,
Көруге және ұстауға?
Мысалы, мысқа баласа,
Қадағы тең мысқалға.

Толық

Ленин жолы

  • 0
  • 0

Адам!
Сен тарихыңның өн бойында,
Атқардың таңқаларлық талай істі.
Тек қана, жалғыз арман жүрді ойыңда,

Толық

Тайыр Жароковке (бірінші өлең)

  • 0
  • 0

Сен ойлайсың өзіңді «қумын мен» деп,
Бол, болма,... отаныңа еткен еңбек
Өз тіліңмен айтқанда,— сан шөлдерді,
Суарды таусылмайтын «Тасқын»— сел боп.

Толық

Қарап көріңіз