Өлең, жыр, ақындар

Білмеймін

  • aba
  • 12.12.2022
  • 0
  • 0
  • 969
Сүмбіл шаш аппақ биненең
Жібереді мені басқа әлемге
Тербелем даусыңа
Жаратылғандай өзі нұрдан
Еркелеші, Күлімдеші
Әлемнен сендей жанды көрмедім
Сиқырлысың, Біртүрлісің
Денеме жетіспейтін элемент
Менің сертшіл жүрегімнің шекарасы жоқ енді
Сүйкімді қылықтарың көзқарасың ерекше
Мирімдісің айналасыңа шуағын шап төкен
Нұрлы жүзді жылы келбет
Қайталанбас адамсың өмірде сен
Өзіңедің жүргімді ақтарған
Жұпар исің миымда өте қатты сақталған
Жан тетігіңді тапқаныңды қалаймын
Менің кеудемнең
Ессіз ғашықпын саған сезімім ерекше
Қарай берем қара көзіңе қадалып
Сая болшы жаныма ниетімді түзеткен
Жан көркімен тамсандырған азаматша
Қандай тұнық сырға толы жанарың
Жанап мені өткеніңде жымыйып
Құлпырған құбылтып бұлбұл үнің
Көкжиектен таң келігендей арайлап
Құштармын әлденеңнен сүйкімдім
Қалауым сен жүрек қалай жасырайын
Жасқанбашы махаббат дастанында
Асқақтайды сағынышым өзің барда
Ғапыда көрген ғажайып
Еркелеген бал қылығың Қараймын телміріп
Жадымда сақталған мәңгілік шарпып
Жүректі үмітпенен тербеткен
Жарқ етті жарық жұлдыз әлемімде
Сағындым дидарыңды даусыңды
Үн қатшы үн қатшы Дертімнің емі
Япыр ай білмеймін не болды маған
Сірә ғашықтың тілі тілсіз тіл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар