ІІІ — Тың толғауы
Хамит Ерғалиевке жауап
1. ТОЛҒАНУ
Хатыңды, ақын інім, ерте оқып,
Пайдалы сөзін ойға алғам тоқып.
Беруге іле жауап, көп қағаздың
Отырдым арасында, жатқан қоқып.
Қағазым өзге емес, тың туралы,
Толғанып тыңнан да тың жыр туғалы,
Қиналып жүрген шақта, қағаздардың
Көп болды шимайланған, жыртылғаны.
«Неліктен — демессің — бұл?»
өйткені, езің,—
Алғанда шабыт билеп, кернеп сезім,
Талай күн, талай түндер отырмап па ең,
Сарғайып жүз, қанталап екі көзің?
Қиялың поэзия өлкесін тез
Кезгенде,
тасығанда өзендей сез,
Екпіндей аққан шақта, мөлдіріне
Әр жерде болмап па еді шөп-шалам кез?
Қағып ап, жолда бәрін іліккеннің,
Аршуды ағыныңнан біліп пе едің?
Алдыңнан ой арнасы тұйықталмай,
Кіршіксіз қайран, болып тұнып па едің?
Мені де осындай бір кернеп шабыт,
Бықсымай, лап еттім де, кеттім жанып.
Қағазға сол қызумен төнген шақта,
Жазудан басқа дүние қалды жабық.
Ерікті берген кезде қаламыма,
Ұмыттым қатынды да, баланы да,
Досты да...
міне, еске түсті олар,
Жазудың жауған бұлты тарады да.
Қырнаған, қиыстырған, қынаған көп,
Сөздерім, терді төгіп құраған көп,
«Тыңдағы толқындар» деп ат қойылын,
Қап-қалың шыға кепті роман боп.
Бұл, бірақ, бір корпусы комбинаттың,
Бастауға басқаларын шаршап қаппын.
Азырақ дем алмақ боп, біткен іске
Қарасам, бойынан көп міндер таптым.
Десек біз, әр корпусты бір кен, сарай,
Іргесін, қабырғасын берік қалай,
Төбесін тиянақтап жапқанменен,
Әшекей керек екен оған талай.
Сарайдың бітіріппін тек қаласын.
Сол кезде, Мәкен,: «Аздап дем аласың!»
Деген соң қолжазбамды жаба қойсам,
Хамит, сен жауап күтіп қадаласың.
Сөкпеймін қадалуың, оның заңды,
Көп күндер хат жазғанға болып қалды.
Жауапты енді ғана қайтармақ боп,
Қолына ақын ағаң қалам алды.
Алды да «так!» дегендей қалды тоқтан.
Қым-қуыт кеп ойлардың басын топтап;
Содан кеп, тыңға қалай тұтанудың
Жайында аз сөзбенен болды соқпақ.
2. ТЫҢ ЖАЙЛАУЫ
Сүйеміз туған жерді әрқайсымыз,
Сондай жер болғандықтан дандайсимыз,
Туған жер тұтастырып ұстамаса,
Өрмектей бытырар ек арқаусыз біз.
Туған жер!
Көп сөз жатыр астын қазсақ.
Кітапты әр жанрда томдап жазсақ,
Сипаттап біте алмас ек!..
Мекенім сол,
Болғалы үйім кигіз, атым «қас-сақ».
Ол мекен, тоқсан сегіз Бельгиядай,
Соншама ұлан-байтақ жерге ұялай,
Орманға сіңіп, кейде құмда жүрдім,
Кей кезде кеттім шырқап тау қиялай.
Сол жердің Сібірлік солтүстігінде,
Оранған орман менен үсті гүлге,
Мекенге «Дос» атанған, жылында бір
Барамын, жазды күн де, қысты күн де.
Себебі: сонда туған ата-бабам.
Мен-дағы тудым сонда ата-анадан.
Қан-жыным араласқан осы өлкені
Күнім жоқ, махаббатпен атамаған.
Таусылмас тән азығы, жан азығы,
Осы өлкем әнебір жыл құлазыды...
Іштей мен жүрдім кейіп, біле алмай,
Барлығын қымбат жердің не жазығы.
Түссін деп мойнымыздан ұлдық қарыз,
Халық боп партияға айттық арыз...
Қабыл боп дабылымыз,
Тың өлкеге
Басталып кетті содан жорық нағыз.
Қыздырып мені-дағы мынау екпін,
Туы бір, ұлты бөлек қалын, көптің
Ішіне сүп бердім де, көшін бастап,
Жеріне нысаналы бірге кеттім.
Кен, жайлау, талай жылдар жатқан қалғын,
Көліктік машиналар бізде барлық;
Мың-мыңдап шұбырғанда, шошығандай,
Жалма-жан орынынан тұрды қарғып.
Тұрды да «келіңдер!» деп жайды құшақ,
Мақсатты жерге жетіп, көлік тұсап,
Жайланған шақта шықтым «Дос»
дөңіне,
Жеңіске бастап барған маршалға ұсап.
Қиырсыз кен, далаға тіктім көзді,
Келгенін иесінің ол да сезді.
Көгілдір сай-саланы сағым бөлеп,
Аспанды кісінеген бұлыт кезді.
Мөлдіреп тына қалды көл де, су да,
Ен, биік әнге шырқап кетті аққу да;
Қаңқылдап қаз, шаңқылдап шағалалар,
Ой-қырлар сыймай кетті шаттық дуға.
Биікке тыраулады шырқап тырна,
Сайрасып боз торғайлар шөлейт-қырда,
Еңбектің ұлы тойын құттықтасып,
Бөленіп байтақ дала тұнды жырға.
3. ТЫҢНЫҢ ТУЛАУЫ
Туған жер кезіп көрсем ғажап екен!
Көпіршіп түгін тартса, майы шықпас,
Топырақ ол өлкеде аз-ақ екен!
Қау, шалғын ескен екен белуардан!
(Бұл жерде мәңгі тұрмай елу арман!..)
Қызығын сол байлықтың көре алмапты
Ешбір жан, аңнан басқа жануардан.
Құлпырған осы өлкеге, бейне кілем,
Қадала тіс салғанда өткір түрен,
Жауындай жер суарған, кезден жасым
Төгілді...
жаным толқып кетті білем!..
Саусақпен сілкіп, шаңды шайған жасты,
Жан-тәнім қызу іске араласты.
«ЭС-80» күні-түні талықпастан,
Ұмтыла алға қарай қадам басты.
Апшысы басқан жердің қуырылып,
Ішінен май қолқасы суырылып,
Қырынан төңкеріле жатты шымдар,
Семіздің, қартасындай туырылып.
Күннен де болды қызық түнгі мезгіл;
Ай жаңа жіп-жіңішке туған кез бұл,
Қараңғы түнді тіле жан-жағымнан
Жарқырап қоя берді мыңдап көз бір!..
Қайшы боп фар жарығы айқыш-ұйқыш,
Тілгілеп күні-түні тыңнан жыртыс,
Тұтасып үдей түскен, өрши түскен,
Даланы алды билеп бір еркін күш.
Жеріме сондай қуат дарығалы,
Халқымның мол дәулетке жарығаны,
Өлікке, тірі түгіл медет беріп,
Тебіренді жеті атамның аруағы.
Мызғып ап трактордың шоқтығында,
Байқамай қарынның аш, тоқтығын да,
Күндіз-түн осылайша жүрдім де алдым!..
Сұраңыз «не болды—деп — ақтығында?».
Алғаны туған жердің ол жыл сыйға,
Шегіне көз жетпейтін қара бұйра
Тон болды,
жететұғын жапсаң-дағы
Айқыра кен, даланың, өр-ылдиға.
Тұстарын жерден көріп көзім жеткен,
Жетпеген өлкелерін шолдым көктен,
Әр танап секілденді: дән толтырып,
Қапшықтай ауыздарын буып кеткен.
Қиялдық болмасын деп, ұғым ғана,
Астықты ендіруге шынында да,
Себістім қолдан ұрық топыраққа,
Қап-қара болып жатқан жырымдана.
Дегендей «өссін егін енді өктеп!».
Нөсер де жер құйқасын тебірентпек.
Шуақтан бүрсігүні тұқым бөгіп,
Ілезде тебендеді егін көктем.
4. КӨРІКТІ КӨЛЕМ
Өткізіп бірер айды жаз оралсам,
(Оллаһи, барлық шыным, маған нансаң!)
Теңізге, егін емес, кеттім сүңгіп,
Бақыл бол, тұншыққанда өле қалсам.
Дегенім тыныс екен «тұншығыппын»
Бұл теңіз мекені екен тіршіліктің,
Бетінде жүзіп соның, сансыз дәндей,
Даусымды асқақтата жыр шұбырттым.
Жиюға жұрт кірісті піскен дәнді,
Мен-дағы аямадым бойда барды.
Жүздеген комбайнның өңешінен
Аққан дән долы өзендей толқындады.
Тау-тау боп алтын дәндер қалды үйіліп,
Биіктей берді үстіне дән құйылып,
Сонда мен қуанышпен тілек еттім:
«Жетер — деп — қалай жесем бұл бұйырып!»
Көп астық осылайша бұйырды да,
Кеп жерде дәндер дұрыс жиылды да,
Қабырғам сына жаздап қайысқаннан,
Кей тұста кездестіріп қиынды да.
Аралап тың өлкесін керсем жүріп,
Жатады кейбір тұста астық шіріп,
Кей бастық, кеңілі соқыр, қыңқ етпейді.
Бүлініп жатқан шақта кептік мүлік.
Мәз болып езін бастық қойғанына,
Өзінен басқаны ол ойлады ма!
Ойы жоқ арамсынар, шіміркенер,
Егіннің ит тисе де қаймағына.
Партия естісін деп мынау жайды,
Ашына ақын ағаң салды айғайды...
Шаруаға қыры келмес қыжыр бастық
Қаңбақтай жел ұшырған, жылдам тайды.
Кемдіктер түсіп сынның елегіне,
Қисық іс тез түзелді. Керегі не?
Не қажет болса, бәрі түгелденіп,
Күшейе түсті Отанның көмегі де.
Мың алғыс коммунистік партияға!
Мың алғыс советтің бар халқына да!
Қанатты Қазақстан, жаңа екпінмен
Жөнелді самғай ұшып, тартып алға.
Өмірдің өрлеп асқар биігіне,
Бақ-дәулет бұдан да мол үйіріле,
Сенеміз, Қазақстан, алтын таулар
Астықтан әлі талай үюіне!
5. ТАБЫЛҒАН ТАҚЫРЫП
Ал, Хамит, осыменен хатты біттім,
Алдында тұрған шақта зор үміттің,
Берейін романды мен-ақ жазып,
Бір жақсы поэманы сене күттім.
1960
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі