Өлең, жыр, ақындар

Коммунистік татулық

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Ең күшті дейтін «атомдық
Бомбаға» миллион татырлық
Бізде бір күш бар, есімі —
Коммунистік татулық.
Кезеңде талай тар қыспақ,
Осы күш бізге жол нұсқап,
Асудан талай өткізді,
Лениннің туын бетке ұстап.
Жалмаймын деген жер үстін,
«Жолбарысы» немістің
Осы күштен езіліп,
Мәңгілікке үні өшті.
Жайпап жауды майданда,
Коммунистік жайлауға
Келген бұл күш, тағы бір
Көрсетті қимыл сайлауда.
Секілді тұтас жұдырық,
Миллион қол жұмылып
Жаңа үкімет сайлады,
Жаңа жоспар құрылып.
Партия жазған жоспар ол,
Бұл істе бізді бастар ол.
Жау қолы жетпес бір биік
Жасап тағы тастар ол.
Сол міндетті алдағы,
Жазуға қалам алғалы
Жиналған достар, тыңдаңдар!
Ақынның мынау арманы:
Басталғанда жаңа іс,
Жұмылғанда тұтас күш,
Мен жазған жырдың әр әрпі
Болса, деймін, бір кірпіш.
Коммунизм үйіне
Барлық кірпіш үйіле
Жасалғанда кең сарай —
Кеңдігі бейне дүние.
Сарайға дос сүйіне,
Сарайға дұшпан күйіне
Қарағанда, күйігін
Дауылдай үрлеп үйіре.
Ұшырсақ жердің шарынан,
Арылып күлдің шаңынан,
Партияның мәңгілік
Жейміз жеміс бағынан.

1946



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәдени бәсеке

  • 0
  • 0

Культурная эстафета!
Ура!
Колхоз және совхоздар,
Өндірістер, ұйымдар —

Толық

Бостандық

  • 0
  • 0

Бай, мырзаға басыңды иіп жалынып,
Төрелерге «құдайым» деп табынып,
Ақысыз, пұлсыз, бір аяқ асқа жұмыс қып,
Жүруші едің қысы-жазы сарылып.

Толық

Шоқпыттың шаруасы

  • 0
  • 0

Шоқпыттың күні нашар болды,
Бар малы бір қашар болды,
Жазғы үйі дауылға құлап,
Қыс қорасы осал болды.

Толық

Қарап көріңіз