Саған артар ініңде тегі мін жоқ – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Саған артар ініңде тегі мін жоқ» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 876
Саған артар ініңде тегі мін жоқ,
Қызды көрсең жүресің «келінім» деп.
Ойға-қырға сүйреген он жыл бұрын,
Өртеп кеткен секілді желігімді от.
Қызыл шоқтай жататын қозға оранып,
Отырамын дертімді қозғап алып.
Бір-екі әжім маңдайға тастап кеткен
Бозбала таң сияқты бозбалалық.
Сен жүресің ініңнің қамын ойлап,
Көңіліңде жеткізбес сағым ойнап...
Таныс қызды киноға апара алмай
Мен жүремін самайдың ағын ойлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері