Егіз шумақтар – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Егіз шумақтар» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 891
Арманымды асқақтау танып биік,
Құшағымда тұрып ең жанып, күйіп.
Кете бардың қайтейін, оралмастан,
Түсіне алмай жаныма салып күйік.
Ескірді енді сол шаққа көп күн өтіп,
Кей кездерде қаламын тек дір етіп.
Ұмыта алмай, күрсініп отырамын,
Жүрегіме кеудемді тепкілетіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері