Өзің едің көңілдің шам шырағы да – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Өзің едің көңілдің шам шырағы да» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 787
Өзің едің көңілдің шам шырағы да,
Өзің едің кірпіктің тамшылары да.
Бұл күндері сен маған жоламай жүрсің,
Жан-жүрегім қайғыдан жаншылады ма?
Шығармашы сөзімді теріске менің,
Таң шапағын жамылған періштем едің.
Сені ойламай бір сәтім өтпейді екен,
Сырымды да ешкіммен бөліспеп едім.
Жадыратар көңілдің самалы да — сен,
Бір мен үшін ақылды, саналы да – сен.
Шошынғанмен кей кезде қасыма келмей,
Тіршілікте жүрегі жаралы да – сен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері