Пенделерге бере көрші кешірім
- 0
- 0
Пенделерге бере көрші кешірім –
Ұлы аспан. Ұлы Тәңір. Ұлы Әлем!
Ұмытылып жазатайым есімім,
мені біреу «Ұлы» десе жылар ем!..
Бұл бетте «Тәуелсіздік» атты Жамботырова Айнеля жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Пенделерге бере көрші кешірім –
Ұлы аспан. Ұлы Тәңір. Ұлы Әлем!
Ұмытылып жазатайым есімім,
мені біреу «Ұлы» десе жылар ем!..
Қара суық желге бердім сыртымды.
Жүрегімде – мәңгі жасыл бақ заңғар…
қызғанбашы менің жылы күлкімді,
еріп бара жатқан Қар…
– Дүниенің ТӨРТ бұрышы бар, – дейді.
– қайда Олар?..
…сенің Мұңың бір түкпірде қаңғиды.
Мен тұратын Жайға – орал…
Бір Күш бар!
Көтереді...
Құласаң, құла! Түспей...
Мен – жазбасам кетер еді
Ғашыққа толы ғалам.
Әйел боп – жаралаймын!..
Қаламды қолыма алам.
Айнама қарамаймын...
Медиан
Өте өте күшті өлең
Айару
Әдемі
Қымбат
Күшшті