Дүниенің ТӨРТ бұрышы бар, – дейді – Жанна Елеусіз

Бұл бетте «Дүниенің ТӨРТ бұрышы бар, – дейді» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3216
– Дүниенің ТӨРТ бұрышы бар, – дейді.
– қайда Олар?..
…сенің Мұңың бір түкпірде қаңғиды.
Мен тұратын Жайға – орал…

Білгесін бе – Жерұйығын таппасын?
Көру үшін берген Көз де — Дөңгелек.
…менің Жаным қағады Айдың қақпасын
түндер сайын… ЖЕР ме … деп.

Ештеңе де іздемеген – дұрысы.
Қай кезбеге қонды Бақ!..
СЕН және МЕН жүрген жүрек Бұрышы,
Сооол – ЖҰМАҚ…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері