Жылжыған су астында сүңгуірдей – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жылжыған су астында сүңгуірдей» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 820
Жылжыған су астында сүңгуірдей,
Жүземін ой түбінде бір кідірмей.
Келемін тылсым дүние құшағында,
Керегім бірде ілініп, бірде ілінбей.
Емес ол өзгелерден артықшылық,
Сүңгісем сырдың көзін аршып тұнық.
Жылдарда жырым менің жүрмесе екен
Жаңқадай су бетіне қалқып шығып...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері