Таяқ жеу – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Таяқ жеу» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3491
Көлден іздеп жұмыртқа,
Көп жүріппіз ерінбей.
Қайттық содан ымыртта,
Кетті ештеңе көрінбей.
Сарымасаның бір кезде
Ортасында қалыппыз.
Қонғандарын
Ілезде
Жібереміз салып біз.
Ісіп кетті көзіміз,
Ісірдік қол-аяқты.
Масаны ұрып,
Өзіміз
Жеп келеміз таяқты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері