Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімді шымшылап...

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2183
«Нұрлы өмірден көсіп алар аздай жыр, -
Дер біреулер, - көптен өлең жазбай жүр.
Төбесінен айналды ма шабыт-құс,
Қайтып жатқан ққздай бір».
Taбa алам ба осы айтылған сөзге сын,
(Сын таққанмен, білем түк тe өнбесін).
Oйғa алсам-ақ, орындалып қалады,
Тек өлеңнен өзге ісім.
Көңілімде сол баяғы сыншы дақ,
Өтіп жатыр, өтіп жатыр күн шұбап.
Шабыт келіп, «ұйқымнан» бұл оятса-ау,
Жүрегімді шымшылап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз

  • 0
  • 1

Ақыл-ойдың зерегінен жаралып,
Салт-дәстүрдің тереңінен нәр алып,
Наурыз келді! Наурыз келді, жарандар,
Бойға қанмен намыс болып таралып.

Толық

Тыныштықты тілеймін

  • 0
  • 0

Көңілдің осы емес пе тасығаны,
Бақыттан айналып тұр басым әлі.
Жұмыстан шаршап келсем, балдырғаным,
Мойныма «әкелеп» кеп асылады.

Толық

Махаббат

  • 0
  • 0

Төбемізден төніп тұрған айға ұқсап,
Жас махаббат, пәк жүрекке жай құшақ.
Кейде ләззат шарабына мас қылып,
Кейде жүрсің көңіліме қайғы caп.

Толық