Жігіттер – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жігіттер» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 9801
Жігіттер, күлкі - бақыт, ұрыс - қайғы,
Шаттықтан ақын халқы жыр ұстайды.
Дүниеден арбасумен өтіп кетсек,
Кім келіп сол қатені дұрыстайды.
Сондықтан кең ашылсын құшағымыз,
Демейік бақыттымыз, құсалымыз.
Болайық бетке тура қарайтындай,
Өмірге қайта келсек, мысалы, біз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері