Өзек өртер өсек – KAZBEKboken63

Бұл бетте «Өзек өртер өсек» атты KAZBEKboken63 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзек өртер өсек

Өсекті өміріне серік қылған, Бос сөздің жетегіне еріп тынған. Игі іске жұмсар уақытты, Өзек өртер өсекке беріп тұрған.

Қу өсек адам жанын жаралаған, Өсекші оған тіпті қарамаған. Сөз қосып түрлендірген сол өсектер, Ел ішін ескен желдей аралаған.

Тағдырына көп нұқсан келтіреді, Тірідей жанды қинап өлтіреді. Байыбына бармай-ақ айтқан сөздің, Қимас жандар жан-жаққа тентіреді.

Өсек сөзді тек ойға алмаңыздар, Өсекшіге жақындап бармаңыздар. Өсекшінің от салар сөзіне еріп, Ұятты боп халыққа қалмаңыздар.


Пікірлер (1)

Али

жалпы өсек жақсы емес

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар