Өлең, жыр, ақындар

Жазғытұры

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 843
І
Суықтың сынып семсері,
Саптама киген таусылды ай.
Тоз-тозы шығып сеңсеңі,
Таулар тұр тонын қаусырмай.
Боз талдар бөркін сілкілеп,
Қарайды көкке күн салып.
Көз жасын төкті сіркіреп,
Бошалап жеткен тұмса бұлт.
Жадырай түсті жер кеңіп,
Арналар сайдан су ұрттап.
Суырып жатыр жел келіп,
Қалдырмай қардан суыртпақ.
Қаусаған шалдан бір аумай,
Қыс көзін жұма түседі.
Бусанып белдер бұлаудай,
Қар суын қана ішеді.

ІІ
Өртеніп қара да тұр,
Тер төгіп дала жатыр.
Қырларда көктем, әне,
Құлын боп салады асыр.
Ақ тонын тастап таулар,
Гүл-жастық жастап баулар,
Жарқырап тұр дүние,
Сарқырап тас бастаулар.
Қамалған сұрша күзден,
Қапталып тұмса мұзбен,
Лақтай тұра қашты
Бұлақтар бұршақ үзген.
Айдынын мөлдіретіп,
Аунады көл дір етіп.
Ормандар орамалын
Ойнады желбіретіп.
Көкектер үн қосады,
Көк белдер ымдасады.
Шопанның шаңырағы
Шудасын шыңға асады.
Қойнына көк егістің,
Күн көзі төгеді ұшқын.
Айналып жыл құсына,
Менің де келеді ұшқым.
Бұлттарды бұлаң еткен
Қоңыр жел қуады еппен.
Терлеп тұр ағыл-тегіл,
Бұрқырап бұла көктем.

ІІІ
Долданғанмен ақ боран алай-түлей бұрқаған,
Жасыл шырша жасымас жастық әнін шырқаған.
Сары аяздың саз беті сазарса да қаншама,
Келер көктем, кетер қыс, озар өмір бір табан.
Қырат-қырлар бусанып, жанар гүлдер жарқырап,
Мұз құрсаудан босанып, ағар өзен сарқырап.
Кең дүние түрленіп, тобылғылар бүрленіп,
Орман билер басына көк орамал тартып ап.
Таулар тұрар төсектен жамбасынан бір аунап,
Дүрия көйлек кигенде мынау дала, мынау бақ.
Жіпке тізген моншақтай тырна жетер тыраулап,
Көктем қырға шыққанда құлыншағын құраулап.

1976



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкшетау

  • 0
  • 0

Көкшетау, мөлдіреген көркің қандай,
Қалықтап аспаныңда ән тұнғандай.
Сексен көл сексен тамшы сыйға тартып,
Айдынын көңілімнің толтырғандай.

Толық

Тау жыры

  • 0
  • 0

Тауым, мені құпияңмен жолықтыр,
Мен ұқпаған өмір сырын сен ұқтыр.
Көкірекке құстың үні толып бір,
Құшағыңа сүңгіп кеткім келіп тұр.

Толық

Дарақыға дауа болмас

  • 0
  • 0

Алматының ғимараты ығы­жығы, қым­қиғаш,
Көлеңкелі терезеге күннің көзі нұр құймас.
Мейрамхана бай­мырзасы, сырахана сұлтаны –
Қашан көрсең қалқып жүзген біздің қазақ ылғи мас.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар