Өлең, жыр, ақындар

Жігерді жоқтау

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4264
Арқалаумен келем әлі күйікті,
Ауыр салмақ жаншып жатыр иықты.
Қайсыңды қалайды екен бұл құдай,
Алады екен адамыңды сүйікті.
Ұлым менің, мұнша неге асықтың,
Өрлеп тұрған көңілімді жасыттың.
Қартайғанша неге күте тұрмайды,
Бұл ажалдан құтылады қашып кім?
Сабырлылық сақтағым-ақ келеді,
(Төзімімнің болар емес төлемі).
Орындалмас армандарың жанды жеп,
Түнгі ұйқымды жиі төртке бөледі.
Бала кезден шығып еді жақсы атың,
Биік еді алға қойған мақсатың.
Көз тиді ме, сөз тиді ме өзіңе,
Алла алама, көңіліне жақса кім?
Шешті тағдыр тілеуіңді бермеске,
Осылайша кете бардың, келмеске.
Еліңнің бұл еңселі ұлы боларын,
Түсіп жатыр, түсіп жатыр, енді еске...
Зор болашақ күтіп едім ұлымнан,
Гүлім болды ол тым ертелеу жұлынған.
Жақсы адамның қысқа болар ғұмыры,
Деген сөз бар келе жатқан бұрыннан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайығым

  • 0
  • 0

Ешкімнен жасырмайтын уайымым бұл,
Бетіме бассаң да осы «айыбымды».
Кешірер мейірімі мол кәрі Атырау,
Сағынып жүрсем қазір Жайығымды.

Толық

Дарабоз

  • 0
  • 0

Өмір бойы өлең болып алаңы,
Өмір бойы қолдан түспей қаламы,
Ортамызда ақын отыр ақиық,
Мойындатып қала менен даланы.

Толық

Өзіңе

  • 0
  • 0

Жыр болып жүрегіме келіп кіріп,
Шығардың шырқау шыңға еліктіріп.
Қолыма пәк көңілмен ұстаттың-ау,
Тізгінін тағдырыңның сеніп тұрып.

Толық