Өзімді жек көргенде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өзімді жек көргенде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 865
Мен өзiмдi кейде жек көрем.
Ондай сәтте
Күркiреп жатқан
Бүктетiлген толқындардың арасына
Өзiмдi апарып
Салып жiбергiм келедi;
Қап-қара боп түнерген
Қара бұлттардың арасына
Өзiмдi өзiм
Найзағайлармен
Жарып жiбергiм келедi;
Қара мұзды ойғандай
Төбемдi ойғым келедi;
Алатауға апарып
Тас көтертiп қойғым келедi;
Өзiмдi өзiм
Қырқып жiбергiм келедi;
Тулақтай тартып
Дар еткiзiп
Жыртып жiбергiм келедi.
Кейде осылай
Азапта жатам,
Кейде осылай
Тозақта жатам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері