Өткел – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Өткел» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2216
Жағасында жалаң бас
Жалбыр шашты талдары.
Құмды тілген ақ алмас
Жатыр өткел — Қарғалы.
Көбіктенсе көктемде
Шашып жарға ақ күміс,
Жаз осы бір өткелде
Естілмейді жат дыбыс.
Бастап өмір жолдары,
Асқан шыңым көп менің.
Бірақ осы Қарғалы —
Тұңғыш өткен өткелім.
Өмірімнің бастығы,
Өткелі осы секілді.
Осы арадан бастадым
Асулардан өтуді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері