Жаңбырлы күні – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жаңбырлы күні» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 786
Аспан тамшысымен
Маңдайымнан шерттi.
Бiр шерттi,
Екi шерттi...
Жетi шерттi...
Шерттi, шерттi
Жүрегiмдегi дерттi.
Домбыра емес едiм.
Бiрақ домбырадай
Шерлi-шемен едiм.
Дерт толы өлең едiм.
Шерткен сайын
Сөздер мен сөздер
Желдi күнгi теңiздей жапырылып
Жанымды керiп бара жатты.
Жүйкем мен тамырларым
Пернелер мен шектердей
Егiлiп ерiп бара жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері