Өлең, жыр, ақындар

Айға сапар

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4539
Інім тұрып бір күні:
– Берші, – деді, –
Айды алып.Тамаша еді бұл түні
Аспан ашық, ай жарық.
Ракета Ай тұстан
Келе жатты айналып.
Ер қоянды Айға ұшқан
Келе жатты қайта алып.
– Батыр қоян, ер қоян,
Қорқақ емес енді ол.
Әлемге аян, елге аян,
Айға барып келді ол.
Ертең сен де ұшасың,
– Деймін:
Айды айналып.
Алтын нұрын құшасың,
Не қыласың Айды алып?
Інім білмей не дерін,
Өз қатесін түсінді.
Ракета моделін
Айға қарай ұшырды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кең мекен

  • 0
  • 0

Қазақстан – кең елім, кең мекенім,
Қиялымды көгіңде тербетемін.
Масаттана әлемге мақтан етем,
Жасампазы жандардың сенде екенін.

Толық

Ер қоян

  • 0
  • 0

Бірде қоян білекті түріп алды,
Сөйтті де тракторға мініп алды.
Төрт түлкіні байлап төрт дөңгелекке,
Масаттана қарқылдап күліп алды.

Толық

Тұрақсыз тырна

  • 0
  • 0

Талтаң басып Тырна,
Жүріп жатты қырда.
Мыңғырған малы болды,
Керектің бәрі болды.

Толық