Өлең, жыр, ақындар

Арман күйі

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 732
Шертші тағы бір жанып, бір өшейін,
Сезімімді жеңе алмай күресейін.
Арман айлап - боздаған күй соңынан –
Бала ботаң болып мен ілесейін...
Көкейкесті сағыныш, өртеп үміт,
Көкірегімді саусағың шертеді іліп.
Дүние жалған айналып бір тамшыға,
Жанарымнан түскендей төңкеріліп.
Ақыл сана «сап», «сап» деп арада тұр,
Көзсіз сезім сүйрейді дара батыр.
Арман күйі жолсыз бір жапан-түзге,
Жіпсіз мені жетелеп бара жатыр...
Қарағанда көздерің шоқтай жанды,
Көбелек боп көңілім отты айналды.
Домбыраңды өтінем шертші тағы,
Бір пернеге саусағың жетпей қалды...
Арқамыздан түскендей ғаламат жүк,
Күй тілімен жалындап, алау аттық.
Көкейкесті сен шерткен көкейкескен –
Арманымды артайын аманат қып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл таңның бүлкілдеп

  • 0
  • 0

Бұлбұл таңның бүлкілдеп,
Үні оянып келеді.
Көкжиектің біртіндеп,
Күн оянып келеді.

Толық

Әудемжер

  • 0
  • 0

Кім сонда, осы әуенді қалықтатты,
Мәңгілік құлағымда қалып қапты.
Үстінен өмір көпір, өтіп жатқан –
Уақыт соны айтудан жалықпапты.

Толық

Өтеді бәрі, бір ойды бір ой қозғайды

  • 0
  • 0

Өтеді бәрі, бір ойды бір ой қозғайды,
Бәсекелесіп, таулардан таулар озбайды.
Кешкі күннің шапағына шомылып
Қызыл шоқ бұлттар көгімде маздап, қоздайды...

Толық