Қарама менің көңіліме – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «Қарама менің көңіліме» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 2
  • 4668
Халқым тыңдап, мен сөйлеп,
Басылмаған қызығым.
Қызыл тілді сайратып,
Халқым көрген қызығын.
Қарқыным қатты келгенде,
Аңдамай қалад ақылым,
Қай сөзімнің дүзігін.
Қарамай менің көңіліме,
Ағат кеткен жер болса,
Түзетіңдер, бұзығын!
Тарқамай қалмас құмарың,
Көтеріп әрең салғандай,
Алты қарыс сазандай,
Алдарыңа созамын.


Пікірлер (2)

Серікбай Шарапат-ұлы БƏЙДІЛДƏ

Керемет,тыңдай бергің келеді...

Серікбай Шарапат-ұлы БƏЙДІЛДƏ

Қайран Базекем

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері