Ерке күшік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ерке күшік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1382
Үйінен шықса далаға Жүсіп,
Орнынан атып тұрады күшік.
Еркелеп келіп асылады оған,
Жатады кейде аяғын құшып.
Маңайда жүрсе тауық не мысық,
Кетеді қуып құйрығын қысып.
Жете алмай қалса, ыза боп өзі,
Қайтады кейін еңсесі түсіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері