Бүгінгі қазақ кедейі – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бүгінгі қазақ кедейі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 799
Кеудесi қан,
Жұтқаны шаң,
Отызда шал,
Қырықта сал,
Алдында жар,
Артында жал...
Жаққаны көң,
Көргенi көр,
Таңдайы шөл,
Маңдайы тер,
Көздерi шер,
Көмейде тас,
Жанарда жас.
Тұла бой нас,
Ұйысқан шаш.
Түйiлген қас,
Иiлген бас.
Жалаңаш!
Аш!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері