Арыстан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Арыстан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2075
Оқудан – алыстан
Келгенде ағам,
Ойыншық арыстан
Әкелді маған.
Тетігін бұраса,
Көздері жайнап,
Бұрқанған бураша
Шегеді айбат.
Күшіктің жанына
Қойып ем жайлап,
Арыстан тағы да
Көрсетті «қайрат».
Секіріп, секеңдеп,
Бассалды Мойнақ.
Жаны бар екен деп,
Қалыпты ойлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері