Тымауратқан Алматы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Тымауратқан Алматы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 821
Әлемнiң басқа қалаларынан
Тұмау жұқтырып алған Алматы
Күрк-күрк жөтеледi.
(Менiң ойымша:
Стадион-бокалдарды
Толтырып ап
Тартып-тартып жiберсе
Жазылып кетер едi).
Айнала iрiп кетердей
Ылжырап тұр.
Айна шiрiп кетердей
Былжырап тұр.
Алматы түнiмен
Бiрде ыңырсып,
Бiрде тiстенедi.
Әлем-жәлем жарнамаларымен
Әлем-жәлем түс көредi.
Тұман iшiндегi шамдар
Бұйығып,
Өлеусiреп жанып тұр.
Тершiген терезелер
Картаға салынған
Өзендердiң жолақтарындай
Тарам-тарам боп ағып тұр...
Алматы тымауратып жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері