Ары өтесің, қыдырып бері өтесің – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ары өтесің, қыдырып бері өтесің» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 838
Ары өтесің, қыдырып бері өтесің,
Көңілімнің кетіріп берекесін.
Қиялдарға жетелеп өзгешелеу
Мені бір сәт дүниеде сері етесің.
Жиілетіп жүректің дүрсілдерін,
Сағыныш боп, сағым боп жүресің бе өзің?
...Кірпігіңе сүрініп бір-екі рет
Жай отырып, есімде күрсінгенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері