Бозторғай әні – Әдібай Табылды

Бұл бетте «Бозторғай әні» атты Әдібай Табылды жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3437
Тау мен дала, қырқаны
Күн аймалап тұр тағы.
Көкте қалқып бозторғай,
Құбылтып ән шырқады.

Мың құбылды қырдағы
Әннің әсем ырғағы –
Күміс қанат бозторғай
Күнді мақтап жырлады.

Әнші аспанда қалқып тұр,
Әуеледі шалқып жыр.
Жусанды кең даланың
Жұпар иісі аңқып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері