Бұл бетте «Бағың жүріп тұрғанда, бәрі жақын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бағың жүріп тұрғанда, бәрі жақын,
досың да көп іздейтін, сағынатын,
арыңды арлап, сөзіңді сөйлер сенің
жүргеніңде жоламай жаныңа түн.
Мақтан етіп болғанын бір ел – бесік,
басыңдағы бар жайды жүрер кешіп;
немересін қамқорлар қариядай,
шаруаңның бәрін де түгендесіп.
Бабын тауып балаңның қыңыр бұрын,
құрбысындай ұғынар тілін, жырын.
Асты-үстіңе түсетін бұл жан жайлы
өзгереді сенде де бұрыңғы ұғым.
Әрқайсысы осылай кеудеңе еніп,
қаныңа да сіңеді желмен еріп.
Қаумалаған жан-жақта достар барда,
тамырың да жатқандай жерде берік.
Бір-бірінен қызғанып, құлап бәрі,
олар үшін сіздің үй – жұмақ таңы.
Сәлем-сыйлық тасиды жанталасып,
бірі бірінен асыру – мұраттары.
Дәреже де кетеді бір күн келіп,
Көңіліңнен көшеді шіркін желік.
Әрең танып баяғы «достар» сонда
қарсы алдыңнан өтеді сыртын беріп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі