Масаты жер құбылған жұмақ таңда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Масаты жер құбылған жұмақ таңда» атты Фариза Оңғарсынова жазған жәннат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 991
Масаты жер құбылған жұмақ таңда
талай-талай салса да мұз, ақ қарға,
мені қателестірген, күрсіндірген
жылдарымды қимаймын ұзатқанда.
Жылдастардың қадірін, дос қадірін
білмей, сезбей өтіпті босқа күнім.
Естімеппін торғайдай шырылдаған
жанашырдың өзгеден оқшау үнін.
Талай мезгіл жүргенмен бағаланбай,
енді солар қымбат-ақ маған ардай;
қоласы да күміске айналыпты,
күмістерін алтын бу жалағандай.
Жауласудың, жаттықтың нақ себебі
болмаса да,
баурап ап басқа мені,
қол үзіппін көбінен. Көңілімнен
аққу ұшып, көзіме жас келеді.
Келте өмірім тұғырдан таяр әлі.
Достар екен жанымның сая бағы:
ескілері, жаңасы
өмірімнің
әр тұсында қаншалық аялады!
Алғы жылым, сен де сал сынақтарға,
мейлі алдымда құрылған тұзақ бар ма,
тек,
оларсыз жарылған Жерге ұсаймын –
достарыммен араға сызат салма!..
1986


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Масаты жер құбылған жұмақ таңда өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Масаты жер құбылған жұмақ таңда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Масаты жер құбылған жұмақ таңда өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жәннат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Масаты жер құбылған жұмақ таңда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері