Досат ақынның Саулық болысқа айтқаны – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Досат ақынның Саулық болысқа айтқаны» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1228
Ей, Малбайдың ұлы Саулық-ау,
ұят пен ардан жасқанбай,
кердеңдеп қадам басқандай,
тарландай тарпаң ерлердің
құм етіп оттай жігерін
тағдырына күлді шашқандай
айтшы сен өзің кім едің?
Біз білген атаң Күдері
шала қазақтың бірі еді,
ат артына мінгесіп келген құл еді.
Аз күндік баққа мастанып
басына шықтың халықтың,
туғызып түнек, тамұқ – күн
тексіздігіңді таныттың.
Шалшықта жүзер шортандар
қарағайдың басын жайлады,
асырып қулық – айланы.
Сен тақсыр болған бұл таңда
жалпылдақ жалды жабыны
қосақтап қойдың тұлпарға.
Асқақта, Саулық, асқақта,
қалмағын ертең арманда,
баянсыз мынау жалғанда
билігің, бөрі шеңгелдім,
сенен де көшер бір күні,
ажал атты мергеннің
мүлт жібермейтін мылтығы
нысанаға сені алғанда!
1981


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досат ақынның Саулық болысқа айтқаны өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Досат ақынның Саулық болысқа айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досат ақынның Саулық болысқа айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Досат ақынның Саулық болысқа айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері