Қару байлап, қол бастап – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қару байлап, қол бастап» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1412
Қару байлап, қол бастап,
көзін тігіп жонға асқақ,
аузында – ел, зор мақсат
ерліктерге оқталған
болмысында батылдығы жоқтардан
батырлықты күтпе сен!
Шешенсіген алқынып,
қанында жоқ қасиетке талпынып,
ақылды сөз айтамын деп шарқ ұрып,
арыстан да, данышпан да өзі боп,
ары жағында өзіндік бір сөзі жоқ
«ақылдыдан»
даналықты күтпе сен!
Дос қамы мен бас қамы
ұмыттырып басқаны,
биліксіздер – жасқары,
адалдықты айырбастар шеніне
адамдардан
еліңе
ағалықты күтпе сен!
Халық мұңын шерткен боп,
елге жауды тепкен боп,
халық атын, абыройын жамылып,
мансабы мен атағы үшін басының
сатуға әзір асылын
адамдардан
адалдықты күтпе сен!
…Мейлі менің кете берсін жұртта есем –
мұндайлардан бас жібімді күрт кесем!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қару байлап, қол бастап өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қару байлап, қол бастап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қару байлап, қол бастап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қару байлап, қол бастап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері