Бұл бетте «Бозторғайдың жағы талмас» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлең өлді деген жанның алдыменен өзі өлген,
Күпіршілік қылғандардың оңбайтынын сезем мен.
Жаратқанның жерге төккен олдағы бір зауалы –
Көктен тамшы бұйырмаса гүл ерніне кезерген.
Қаншама ақын ілінсе де қаһарына әмірдің,
Өлең көнбес қорлығына бұл фәнилік зәбірдің.
Кір шалмаған ақ қанаты күнәдан пәк сезімнің,
Пейіш төрін нұрландырып, жаққан оты Тәңірдің.
Талайларды тылсымына таңғалдырған бір ғалам,
Сәулесіне алдандырып, сырын ашпай жүр маған.
Аш өзегін жарып шыққан жапан түздің төл құсы –
Бозторғайдың жағы талмас таң бозынан жырлаған.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі