Атын ұрлатқан кедей!

Бұл бетте «Атын ұрлатқан кедей!» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1103
Қайран менің тарланым!
Қарақшының тақымында кеттің бе,
аш арланның алқымында кеттің бе –
жер-көк кезіп шарладым,
із-түзіңді біле алмастан сарнадым.
Кеттің бе екен көкке ұшып?
Арандатты-ау көрде өкіргір көп пысық –
жалғыз атты ұрлап тынды ақыры
өртенгірлер өзегіне от түсіп.
Енді қайттім?
Қалай, қайтіп күн көрем,
атсыз өмір ажалыңмен бір деген.
Қатын-бала қамын қалай шертермін,
қараша да қол созып тұр іргеден.
Көзсіз бе едің, о құдай!
Байдың атын алсаң еді жалы – шүйгін,
жоны – май.
"Ат ұрласаң – ажалыңа",- деуші еді,
мені таңдағаның қалай, өлім-ай?!
1967


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атын ұрлатқан кедей! өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Атын ұрлатқан кедей! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атын ұрлатқан кедей! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атын ұрлатқан кедей! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері