Кейбіреуге қараймын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кейбіреуге қараймын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1226
Кейбіреуге қараймын:
желпілдейді түндігі;
керісінше талайдың
қыбыр-жыбыр тірлігі.
Маза да жоқ өзінде,
емінеді отқа құр;
пәтуасыз сөзінде
дән түгілі – жоқ тамыр.
Дариядай
күндегі
олар кешкен тіршілік,
өзі-өзінен жүргені
батып-шығып тұншығып.
Ауырса да, көремін,
ыңырсиды емделмей,
ақыр заман дегенің
тек соларға келгендей.
Жақын кетті жөнімен,
достарын да көрмедік,
жатқан да жоқ онымен
шаруасы жөнделіп.
Жүрегің де жаншылар,
ғұмыр өтіп осылай.
Күйбеңіңнің таусылар
күні бар ма, досым-ай?!
1988


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейбіреуге қараймын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Кейбіреуге қараймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейбіреуге қараймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейбіреуге қараймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері