Жаныңнан, жамалыңнан әр тайғанда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жаныңнан, жамалыңнан әр тайғанда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1173
Жаныңнан, жамалыңнан әр тайғанда,
сезімің ортаймай ма, қартаймай ма,
жылдардың балдырына батқан көңіл
мелшиіп қарамай ма айқайларға,
жастығың жамбасына жантайғанда…
Күндерің – мың құбылған, сенделіскен,
бір жалын тыншытпаған кернеп іштен,
көзің де, көңілің де көк аспанда,
жайың жоқ шырмалуға жердегі іспен,
өтіпті жүлдесі жоқ тек желіспен.
Бұл күнде ештеңе де ес кетірмей,
баяғы қоңыраулы кеш те түндей,
сезімің, сенімің де көлеңкеге
шығарсаң тоңазитын ешкі етіндей.
Көз салып, ойға түйіп, жай барладым.
Ал, менің жоқ мүсінге айналмағым.
Өртей бер өзегімді, тек сен ғана
кетпесең болды менен, қайран жалын!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаныңнан, жамалыңнан әр тайғанда өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жаныңнан, жамалыңнан әр тайғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаныңнан, жамалыңнан әр тайғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаныңнан, жамалыңнан әр тайғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері