Кешегі балапандар түкті ұқпаған – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кешегі балапандар түкті ұқпаған» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 925
Кешегі балапандар түкті ұқпаған
(соларға жем берумен біттік тәмам)
былқылдақ сарауыз-ды, енді, міне,
шетінен әтеш бопты қыт-қыттаған.
Пана жоқ. Дала суық, сырт қардағы
жетімек күшіктерге жұрт бармады.
Жылытқам сонда оларды, бүгін көрсем
желкесі қарыс жүнді сырттан бәрі.
Деуші едім "көліксіздің қорғар мұңын",
жоқ, олар ұмытыпты тоңған күнін.
Әтеш пен төбет болса өсіргенім,
менің де солар тектес болғандығым.
1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері