Биліктінің ойы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Биліктінің ойы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 942
Жүргем бейқам жастықта мұнар шарлап,
билік-бике қоймады жыланша арбап.
Түкірігі түу десе жерге түспей,
жақсы, жаман әкім боп жүр алшаңдап.
Күнелтетін түрім бар тоңып әрең,
дедім енді биліктің соңына ерем.
Төбелесте шыныққан достың бәрін
қойдым осы бәйгенің жолына мен.
Қарап тұрсаң қай басшы дарынды адам,
талайының мен әлі шаңын қағам.
Байқауымша, еркімен ешкімнің де
бере қояр түрі жоқ тағын маған.
Сүйтіп жүріп таққа да жуықтадым,
айналасын тазарттым, уыттадым.
Әуелі жолымды аршыдым, өзге қолмен
осы қалай дегеннің қуып бәрін.
Жан-жағымды шіренген тұлға қылмай,
жидым елдің орташа ұлдарын жай.
Өмірі билік тимеген бұл байғұстар
құрақ ұшар алдымда құлдарымдай.
Адалсынған жандарды қудық та кеп,
ойда жоқта патша боп тудық кенет.
Ең алдымен басшыға кеуде керек,
сосын аздап, әрине, қулық керек.
1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биліктінің ойы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Биліктінің ойы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биліктінің ойы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биліктінің ойы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері