Қарғаш – Сегіз сері

Бұл бетте «Қарғаш» атты Сегіз сері жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 1
  • 5483
Ақ дидарың көргенде тұра алмаймын,
Сенсіз жерде еш дәурен құра алмаймын.
Сен есіме түскенде, беу қарғашым,
Кемесіндей дарияның бұраңдаймын.

Жылқым жатыр Ақкөлдің шаңдағында,
Кімдер сері болмайды бойдағында.
Қыз кеткен соң ауылдан қызық кетер,
Келіп-кетіп жүргейсің ойнағыңа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Мақсат

Қазақтың әндері қандай тамаша, әкем айтатын өлеңдер болатын естіп қуанып отырмын

Осы автордың басқа өлеңдері