Заман перзентінің үні – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Заман перзентінің үні» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1318
Сұмдықтың бәрі – ішімде
жылтырап жүрген сыртым тек.
Ескерткішке ұқсас мүсінге
жақындай алмас жұрт үркек.
Іш жағым толған шым-шытыр
қалтарыстар мен қоймалар.
Қарныма дейін мың шұқыр
сыртыма шығармай ой қамар.
Кімдерді көсем, кімді құл
етерін жұртым ойланар.
Аңқылдап жүрген кіл мықыр,
қолыңнан келсе, бойлап ал!
Мүсінім мінсіз құйылған –
хандаймын! Көрсет жалғанға.
Көздерді жаулап қиырдан,
тәккаббар жүрсем, таңданба!
Адамнан өрбіп тамырым,
жайылған барлық құрлыққа.
Сондықтан биік жарығым,
болғанмен жерде мың жұтпа.
Әділет күтеді бекер ел,
бақ болмас жанға бос талап.
Адамды көкке көтерер
сұмдық пен айла – қос қанат!
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заман перзентінің үні өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Заман перзентінің үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заман перзентінің үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заман перзентінің үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері