Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1008
Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп,
болмашыға жүрдік тер төгіп келіп,
жылағанға жүгірдім жүрегімнің
мейірімін, жылуын бөліп беріп.
Қазақы едім: аңқылдап көңілді өскем,
кезім жоқ-ты біреудің жолын кескен.
Аңғалдығым жеруік жүртқа жақпай,
жұғымсыздау, жетімдеу өмір кешкем.
Енді көрсем, басқа жұрт басқаша екен,
тіл табуға, есепке жақтас екен.
Ал мен неге жақпаймын, жағынбаймын,
жүргенімше соғылып тасқа шекем?! —
Десем-дағы,
жандай боп талғамы — үлгі,
өзгерте алмай келемін жан мәнімді.
Жерді қалай шындыққа толтырам деп,
атырамын дөңбекшіп таңдарымды.
Адалдықтың намысын жырту үшін
сабылғаным — басқаға күлкілі шын.
Жанып, сөніп мүжілген жанартаудай
өзімді жеп барады бұлқынысым.
1986


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрмесем де ел қорғап, жорыққа еніп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері