Бойым дел-сал қалғандай жайрап денем – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бойым дел-сал қалғандай жайрап денем» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 864
Бойым дел-сал қалғандай жайрап денем,
шатастырып күнді аймен, айды аптамен,
ыққан малдай сезімді оқтын-оқтын
ақыл-дана алдына айдап келем.
Айдап келіп ақылға қамалаймын,
секілді еді ойым – тау, санам – айдын.
Сезім-дауыл айдында ойнақ салып
ойрандауда тынымын жағажайдың.
Ұры түскен отаудай шалқар жалған,
бытқылға енген түлкі боп жалтарды арман.
Шаңқылдап жүр шағала-жаным көкте,
денем – қайық ескегі талқандалған.
Ақыл – алтын қазықтай тұр бұлдырап,
сол маңайда, байқаймын, бұлғын құрақ.
Күміс шынжыр тастайды ақыл маған,
мен еркіммен алысып жүрмін құлап.
Теңіз – сұсты, көгім – бұлт, жаға – қырғын,
бұл дүлейден құтқарып алатын кім?
Шынжырына ақылдың қол созумен
тұңғиыққа шым батып баратырмын.
1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойым дел-сал қалғандай жайрап денем өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бойым дел-сал қалғандай жайрап денем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойым дел-сал қалғандай жайрап денем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойым дел-сал қалғандай жайрап денем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері