Мамыражай өмір жоқ өлеңімде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мамыражай өмір жоқ өлеңімде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1178
Мамыражай өмір жоқ өлеңімде,
бәрі бостай: өмір ме, өнерің бе.
Өлер бала молаға жүгірер деп,
ауады ылғи аңсарым көне күнге.
Қуаныш жоқ көксандық – көңілімде,
айналғандай өмірдің өңі мүлде.
Өңі айналған өмірге кінәлі кім,
сары тап болған сезімнің соры кімге?!
Біреу айтады: «Жақсы еді – көз тиді», - деп,
Енді бірі: «Шаршатқан жол қилы», - деп.
Пиғылымнан үріккен жер-қарагер
табанымның астында мөңкиді кеп.
Мөңкімектен кетсе де төңкеріліп,
не жайласын жап-жасыл өлкені жұт,
бір қорытынды шығарып жатқан мен жоқ
жоқ және де көңілімде көркем үміт.
Тыныштық жоқ. Тірлігім – былағай күн.
Барады ығып қағылез құралай – мұң.
Қуанбаймын ешкімнің шаттығына,
қайғысына да ешкімнің жыламаймын.
Ауыр жүктен арылар арқа қашан –
мен білмеймін. Әйтеуір аңқаны ашам.
Түстік өмірдің тықыры таянса да,
мал жиям деп мың жылдық жанталасам.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамыражай өмір жоқ өлеңімде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мамыражай өмір жоқ өлеңімде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамыражай өмір жоқ өлеңімде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мамыражай өмір жоқ өлеңімде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері