Мұз бен кірпіш
Бұл бетте «Мұз бен кірпіш» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(С. Михалковтан)
Күн күлімдеп, тоң жібіген кезеңде,
Мұзға мініп кірпіш жүзді өзенде.
Бұйрық берсе кейде оған бақырып:
– Тез жүрмесең кетемін, – деп, батырып,
Ақыл айтты кейде оған ақырын:
– Жарға соғып қирап қалма, батырым.
Еріді мұз шуақ көктем күніне,
Кенет кірпіш батты өзен түбіне.
Тыңда, достым, үлгі алма сен кірпіштен,
Шыға алмассың су түбіне бір түссең.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі