Жаңа жылға тілек

Бұл бетте «Жаңа жылға тілек» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1696
Ұршықтай уақыт дөңгелеп
жеткізді тағы бір таңға.
«Қош келдің, Жылым, төрле!» – деп,
үмітпен қарар жұрт алға,
сенімдерін артып сұлтанға.
Салауат тілеп жас жылға,
кәрі мен жасым тұр бүгін.
Шаңырақ – күмбез астында
берекелі болғай тірлігім,
тегеурінді болғай тізгінім.
Қара бұлттарды айдасын
туымдай көркем аспаным.
Аталы сөзден таймасын,
қарттарым – шежіре-дастаным,
парасатты болғай жастарым.
Жанына нәр боп үміт-бал,
жарқылдап жүрсін қыз-келін.
Кішіпейіл болсын ұлықтар,
нұр бассын жүрек-жүздерін –
бір жасар сонда ізгі елім.
Шапағатыңды, жылым, ел көрсін,
арманыма арды жани бер!
Ақ бесіктерде тербелсін
адал сүт емген сәбилер!
1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жылға тілек өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жылға тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа жылға тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жылға тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері