Жүргенім-ай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жүргенім-ай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 4035
Жүргенім-ай
ештеңені, ешкімді сағына алмай
(сағынышсыз тірліктің мәні қандай?!).
Жүрегімде жараның табы бардай.
Қайда кеткен көңілдің бұлаң шағы
бір құласа құлайтын жаны қалмай?
Енді бүгін құба жон, құла түзде
иесіз қалған үйдеймін шамы жанбай.
Өліп-өшкен әйелін, еркектерін
(сезе тұра сезімін, селт етпедім)
жақсы көргім келіп-ақ шын ниетпен
жанұшырып, жүректі жентектедім.
Кешпегендей сергелдең күйді бастан
(қалай сонау күндерден мен шеттедім?)
елемеймін сезімін, шен-шекпенін.
Тірлігімде
талай сөндім, қайтадан тағы атылдым,
тылсым-нәрін тамсадым қара түннің.
Күлге айналар сәтімде ұшқындатты
менің сансыз жанашыр аға, құрбым,
сол ниеттен қуат ап таң атырдым.
Күйіп-жанып күй кештім, тұрғандай-ақ
қақ үстінде қалтылдақ қара қылдың.
Сонда маған, сағыныш, ара тұрдың.
Енді неге мына мен салқын, сұрғылт
бір әлемге айналып баратырмын?
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүргенім-ай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жүргенім-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүргенім-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүргенім-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері